Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасынмен жел 5-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен - тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.
01:11, 09 Наурыз 2017
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аудандарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауып, оңтүстік облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.