Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жер-жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеймек.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, Қарағанды облысының кей аймақтарында көктайғақ болады. Ақтөбе облысында, сондай-ақ күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейіп, тұман түсуі мүмкін. Атырау, Маңғыстау облыстарының кейбір аудандарында тұман күтілуде.