Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Қалған аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болуы ықтимал.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Атырау облысында, күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел (15-23 м/с) күшейеді.

Күндіз Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.