Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен қатар желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға күшейіп, тұман, көктайғақ болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел соғады (күші 15-20 м/с), түнде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, бұрқасынмен қатар жел соғады, күші 15-20 м/с.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел соғады, күші 15-20 м/с. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ға күшейеді. Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға күшеюі күтіледі.