Мұнда кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады.
Мәселен Қостанай облысының жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады және 15-20 м/с екпіндегі жел тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде де бұрқасын болып, секундына 17-22 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні кей уақыта 25 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында - тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Ақмола, түнде Қызылорда, күндіз Қарағанды облыстарының жекелеген өңірлерінде 15-20 м/с жел тұрып, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші 17-22 м/с құрайды.