деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Доктрина жобасын 2009 жылғы қазанның 26-сында Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев жалпыхалықтық талқылауға ұсынған болатын. Жұмыс барысында қоғамдық, саяси, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтар тарапынан 500-ден астам ұсыныстар, сондай-ақ жеке жобалар келіп түсті. Құжат қоғамдық комиссияның отырысында, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінде қарастырылып, Президент тарапынан мақұлданды.
«Бүгін бұл құжат ҚР Президенті Әкімшілігінің қолдауын алғаннан кейін Үкіметке жолданып отыр», деді жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, комиссия төрағасы Ералы Тоғжанов .
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, Доктрина осы деңгейдегі құжаттардан талап етілетін стандарттарға сәйкес келеді. Құжат жалпы ережелер мен үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Доктрина негізінде Елбасы Жолдауында жарияланған халықтың ең басты құндылығы ретінде Тәуелсіздік идеясы қаланған. Бұл ретте «...ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады», деп нақты көрсетілген.