Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, тек республиканың батыс, солтүстік батыс және оңтүстік батысында ауа райы шауын-шашынсыз, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 28 м/с болады, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ал Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.