Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертен тұман болады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, кей жерлерде Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде және Атырау облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.