Бүгін Қазақстанның көптеген аумағында қатты ыстық болады деп күтілуде

None
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін республиканың бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

"Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық болады деп күтілуде. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 5-ші класс дәрежесіндегі шарпыған ыстық болады",- делінген ТЖМ таратқан мәлімдемеде.