Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында бұрқасын, тұман болып, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, облыстарына тұман, көктайғақ, болады. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін ұлғаяды.
Ақтөбе, Қостанай, облыстарының бірқатар аймақтарында төменнен бұрқасындатып, тұман болып, Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 18-метр/секундқа жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында тұман түседі. Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 метр-секундқа жетеді.