Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с болады, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 25 м/с болады.
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Атырау, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.