Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайтын болады, яғни жаңбыр жауады, орталықта қатты жаңбыр жауады.
«Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қызылорда облысының батысы мен шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп жазды ақпарат көзі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.