Бүгін Қазақстанның шығысында жауын, оңтүстік-шығыста күшті жел мен бұрқасын күтілуде, батыс аймақ антициклонның ықпалында болады

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін, наурыздың 27-сі күні республиканың шығыс бөлігі атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады, бұл аумақта жауын жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыста кей жерлерде күшті жел тұрып, бұрқасын болады. Ал Қазақстанның батыс бөлігі антициклонның әсерінде болмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Мәселен, Алматы облысының кей жерлерін тұман басады, түнде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде. Жалаңашкөл аумағында оның күші 20-25, кей уақыттары 30 м/с-қа дейін артуы ықтимал.

Қызылорда облысында, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында кей аумақтарда 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысында - түнде жекелеген жерлерде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел тұрады, түнде бұрқасын болы мүмкін.

Қарағанды облысында - кей желерде 17-22 м/с екпінде жел болады, түнде көктайғақ, күндіз бұрқасын күтілуде.

Ақмолада - түнде секундына 17-22 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні кей уақыттары 27-ге дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысында - бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, кей жерлерде оның күші 25 м/с жетеді деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады, 17-22 м/секундтық желдің екпіні 25-30 м/с-ға дейін жетуі мүмкін.