Ал республиканың қалған аумақтарында ауа райын сібір антициклонының тарамдары анықтайды.
Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Қызылорда және Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау, Атырау және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысында - кей жерлерде тұман, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады, күндіз кей аумақтарда көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы облысының жекелеген жерлерінде - тұман, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.