Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, түнде және таңертен желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-22 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.