Бүгін Қазақстанның төрт облысында жел күшейеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік өңірде ғана атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола, Қостанай, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр дейін жетеді.