Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидомет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 2020 жылғы 5 қарашада Нұр-Сұлтан, Балқаш және Шымкент қалаларында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.