Синоптиктер мәліметінше, бейсенбі күні ауа сапасы Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Теміртау қалаларында нашарлайды
Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.