Бүгін - Қазақстанның Жол полициясы күні

None
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат. Бүгін - Қазақстанның  Жол полициясының  күні. Егеменді Қазақстанда Мемлекеттік автоинспекция туралы алғашқы ереже 1992 жылы 23 қарашада ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен бекітілді. Нақ осы күн Қазақстан Республикасының МАИ күні боп есептеледі.

1996 жылы 3 қаңтарда Мемлекеттік автоинспекция Жол полициясы болып қайта аталды. Қазіргі жол полицейлерінің бірінші кезектегі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар азаматтарды жолдардағы кез келген қылмыстық қауіп-қатерлерден сақтау болып табылады.