Соңғы күнгі шешуші шайқасқа Қазақстанның қос былғары қолғап шебері шығады. Атап айтқанда, 56 келіге дейінгі салмақ бойынша Рустам Рустамов ресейлік Сергей Водопьяновпен шаршы алаңда кездеседі.
Сондай-ақ аса ауыр салмақта ( 91) Жан Кособуцкий Ресейдің тағы бір боксшысы Магомед Омаровпен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, он салмақ бойынша өтетін финалдық жекпе-жектердің 8-інде Ресей боксшылары шаршы алаңға шықпақшы.