Бүгін «Қазтеміртранс» АҚ-да Ашық есік күні өтті

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамында Ашық есік күні өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы, «Қазақстан Инжиринг» ҰК» АҚ және отандық тауар өндіруші компаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында отандық вагон жасауды, жүк вагондарын жөндеуге қажет қосымша бөлшектер жасау және жеткізуді жандандыру, жүк вагондарын жөндеу қуатын арттыру мүмкіндіктері талқыланды. Шараның негізгі мақсаты ?отандық вагондар мен қосымша бөлшектерді өндірушілердің олардың өнімдерінің негізгі тұтынушыларымен, атап айтқанда вагон жөндейтін кәсіпорындармен танысу және өзара ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату болып табылды.«Мұндай шаралар енді бұдан былай тұрақты өткізіліп отырады. Өйткені, бұл ? жүк вагондары парктерін жаңартумен және жаңғыртумен, отандық вагон жасауды дамытумен байланысты мәселелерді шешудің жолы», - деп атап өтті «Қазтеміртранс» АҚ-ның президенті Ерхат Есқалиев.Сонымен бірге, Ашық есік күні аясында «Қазтеміртранс» АҚ, жөндеу кәсіпорындары мен отандық тауар өндірушілерінің арасында Теміржол көлігін дамыту саласында ынтымақтасу туралы меморандумына қол қойылды.ҚазАқпарат анықтамасы: «Қазтеміртранс» АҚ ? біздің еліміздің жүк вагондары паркінің ірі операторы. 2003 жылғы қазанның 21-інде құрылған аталмыш компания Қазақстанда теміржол көлігін қайта құрастыру аясында «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ-ның 100 пайыздық еншілес компаниясы болып табылады. Қазақстан аумағы бойынша теміржол тасымалының жалпы көлемінің 56 пайызынан астамын «Қазтеміртранс» АҚ жүзеге асырады.