Ал 1953 жылы 26 қаңтарда Брюссельде Кедендік ынтымақтастық кеңесінің бірінші сессиясы өткен. Ал 1983 жылдан бастап 26 қаңтар Кеденшілердің халықаралық күні ретінде жыл сайын атап өтіле бастаған.
Кедендік ынтымақтастық кеңесі 1994 жылы қазіргі атауын - Дүниежүзілік кедендік ұйым атауын алған.
Кеденшілердің халықаралық күні ғаламшардағы кеден қызметінің халықаралық ынтымақтастығына себепші болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық дамуда кеден қызметінің маңызды екендігіне қоғам назарын аудару болып табылады.