Бүгін Киевте Украинaның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтеді
07:35, 25 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Киевте Украинаның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтеді,
деп хабарлайды Utro.ru басылымы.
Виктор Януковичті ұлықтау рәсіміне Еуроодақ басшысы Ежи Бузек пен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон, Ресейдің атынан Мемлекеттік Дума спикері Борис Грызлов пен президенттік әкімшілік басшысы Сергей Нарышкин, басқа да елдердің өкілдері қатысады деп күтілуде. Салтанатты рәсімге Орыс православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл де қатысады.