«Біз өте маңызды құжатқа қол қойдық. Енді халықтың, мәселен Ақтөбе облысының астықпен, ұн және нан өнімдерімен қамтамасыз ету төңірегіндегі мәселерге немесе бағаның көтерілуіне орай ешқандай қобалжу мен алаңдаушылық болмауы тиіс. Бүгін қол қойылған құжат 2011 жылдың қазанына дейін астық бағасының тұрақты болуына әсер етеді», деді ол өз сөзінде.
Дегенмен, бұған дейін Ақтөбе облысы астықты өзіндік құнымен, яғни ескі бағамен сатып алғандығын атап өткен әкім ұн бағасының 2-3 пайыз шегінде көтерілуі мүмкіндігін де жоққа шығармады. «Нан бағасы келесі жылғы өнімге дейін тұрақты болады әрі айтарлықтай көтерілмейді. Ал ұн 2-3 пайыз шегінде қымбаттауы мүмкін», деді Е.Сағындықов.
Сонымен қатар нан бағасының тұрақтануына Үкіметтің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Қазагро» ҰК» АҚ-ы мен «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясының еңбегі зор екендігін баса айтқан облыс басшысы «біз адамдар мүддесіндегі мәселелерді ақылдасып шешкенде, әсіресе республикамыз тұрақты дамып отырғанда зор жетістікке жетуге болады», деп түйіндеді сөзін.