Біріккен Ұлттар Ұйымы, соның ішінде БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), қазанның 15-ін Қол жуудың дүниежүзілік күні деп жариялаған.
Қолды сабынмен жуу - жыл сайын 3,5 миллион баланың өмірін қиятын түрлі аурулардың алдын алудағы неғұрлым тиімді және үнемді дауалардың бірі. Қол жуудың бүкіләлемдік күні санитарлық тазалық пен гигиеналық дағдыларға шақырады.