Интернетте күлімсіреуді символдармен білдіруді 1982 жылы Питтсбургтегі (Пенсильвания штаты) Карнеги Меллон американдық университетінің компьютерлік мектебінің профессоры Скотт Фалман ойлап тапты. Оның көмегімен интернет пайдаланушылар өздерінің эмоцияларын білдіре алды. Мәселен, күлімсіреуді :-), ал көңілсіздікті :-( белгілерімен көрсетуге болатын.
«Смайликтермен» бастапқы кезде тек университеттің қызметкерлері ғана пайдаланған. Дегенмен, ол өзге де ғылыми және білім беру мекемелері арасында лезде тарады. Онымен қоса, интернет-пайдаланушылар санының артуымен бұл символдар барған сайын көп қолданыла бастады.