Корея - Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Шекарасы Қытаймен және Ресеймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Астанасы - Сеул қаласы. Ресми тілі - корей тілі. Ақша бірлігі - вон. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс.
Қазақстан Республикасы мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 28 қаңтарда орнатылды.