Бүгін Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Астанадағы күндері ауқымында жәрмеңкелер ашылады
09:50, 28 Қыркүйек 2011
ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қостанай облысының ауыл шаруашашылығы жәрмеңкесі - «Отан қорғаушылар» монументі жанында, Қызылорда облысы - «Думан» сауда ойын-сауық кешені алаңында, ал Оңтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі - орталық алаңда ашылады.
Жәрмеңкелер 28-29 қыркүйек күндері сағат 10-нан 20-ға дейін өтеді.
Аймақтардың ресми делегацияларының мүшелері елорда нысандарында болады, бүгін Астана қаласында Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет күндері құрметіне қабылдау жасалады, ал 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен Бейбітшілік және келісім сарайында аймақтардың Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктерінің көрмесі өтеді және үш облыс өнер шеберлерінің гала-концерті болады.