Бүгін - ҚР Дипломатиялық қызметі күні

None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін - Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні. Дата Елбасының Жарлығына сәйкес бекітілді.

Отандық дипломатия тамырының тарихы тереңде жатыр. Оның негізі Батыс пен Шығыс мемлекеттерін алғаш рет байланыстырған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен қызметі кезінде қаланған болатын. XIX ғасырдың орта тұсында Ресей империясына қосылуға байланысты қазақ дипломатиясының мәртебесі бәсеңдей түсті. Оның жандануының жаңа дәуірі кеңестік кезеңде болды, бірақ бірден емес. Ұзақ жылдар бойы КСРО-ның сыртқы саясатын тек Мәскеу қалыптастырып келді. Тек 1944 жылы одақтас республикаларға сыртқы қарым-қатынас саласында өкілеттіктер беру туралы заң қабылданып, Қазақстанда сол жылдың 13 сәуірі күні Сыртқы істер халықтық комиссариаты құрылды, екі жылдан кейін ол ҚазСРО СІМ болып ауыстырылды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде (1991 жыл 16 желтоқсан) Қазақстан әлемдегі 120 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.