Бүгін ҚР кеден органдары VII спартакиадасының финалдық жарыстары басталады

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - 24-26 тамыз күндері Астанада Қазақстан Республикасы кеден органдарынң VII спартакиадасының финалдық жарыстары өтеді.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеден органдары спартакиадасына 10 облыс департаменттерінен және «Қордай» кеденінен сала қызметкерлері қатысады. Жарыстар спорттың төрт түрінен: мини-футболдан, волейболдан, шахматтан және үстел теннисінен ұйымдастырылып отыр.

Бұл шараға Қазақстанның ең атақты боксшыларының бірі, Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев қатысады. Атақты боксшы спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен ескерткіш сыйлықтарды тапсырады деп күтілуде. Спортшыларды марапаттау рәсімі 27 тамызда Кеден комитетінің кеңсесінде болады.