Бүгін ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен елордадағы жаңа орталықтың құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу және жобалық институтында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен елордадағы жаңа орталықтың құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Астана қаласы және қала маңындағы аумақтағы үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй құрылысының барысы, сонымен қатар, бекітілген бас жоспар аясындағы 2011-2013 жылдардағы мемлекеттік нысандардың құрылысы бойынша бірінші кезекті инвестициялық жобалардың салыну мәселелері қаралды.