Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры Е.Бабақұмаровтың туған күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Бабақұмаров Ержан Жалбақұлының туған күні.

Ержан Бабақұмаров жоғары білікті маман ретінде Қазақстанның медиа саласының дамуына қомақты үлес қосты. Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы Талдықорған облысында, Қарабұлақ кентінде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан даму институтының бөлім меңгерушісі, Саяси зерттеулер орталығының директоры, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған. 1996-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік саяси бөлімінің бас инспекторы, Ақпараттық-талдама орталығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы болған. 2008-2012 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерінде еңбек еткен. 2012 жылғы қазаннан бері ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры. «ҚазАқпарат» ХАА Ержан Жалбақұлын туған күнімен құттықтай отырып, оған мықты денсаулық, отбасылық береке және табыстар тілейді.