Алдын ала мәліметке сүйенсек, Мемлекет басшысы бүгін аймақтардағы индустриалдық жобаларды іске қосады. Жалпыұлттық телекөпір барысында сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп айтылады деп күтілуде. Жалпыұлттық телекөпір жуырда жариялаған «Жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында өтеді.
13:31, 11 Желтоқсан 2015
Бүгін ҚР Президентінің қатысуымен индустрияландыру бойынша жалпыұлттық телекөпір өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 15.00-де Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» жалпыұлттық телекөпірі өтеді. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.