Бұл туралы primeminister.kz. сайтында хабарланды.
Мәжіліс барысында көші-қон үрдістерінің өзекті мәселелері, ішкі көші-қон ағындарын бөлу, сұраныстың теңгерімділігі мен еңбек ресурстарының ұсыныстары талқыланды.
Өңірлік экономикалық және демографиялық теңгерімсіздікті теңестіру мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының аясында азаматтарды жұмылдыруды арттыру, елдің солтүстік, шығыс өңірлерінде білім беру инфрақұрылымдарын дамыту бойынша шаралар сөз болды.
Жиын соңында Б. Сапарбаев еңбек ресурстарын ішкі жұмылдыру деңгейін арттыруға, еңбек нарығының теңгерімсіздігін төмендетуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.