Рауль Кастро 2008 жылдан бері Мемкеңестің және Куба министрлер Кеңесінің төрағасы луазымын атқарып келеді. Ол бұл қызметте өзінің ағасы Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастроның (1926-2016) орнын алмастырды.
Рауль Кастроның орнына Мемкеңестің және Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Мигель Диас-Канель бірден бір мұрагер саналып отыр.
Куба халқы жексенбіде Ұлттық ассамблеяның 605 депутатын, сондай-ақ халықтық үкіметтің 1,2 мың провинциальдық ассамблея делегаттарын сайлайды. Конституцияға сәйкес, парламент және 15 провинцияның өзін-өзі басқару органдары бес жылда бір рет жаңартылып отырады.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 07:00-де ашылады. Дауыс беру дүйсенбіде18:00-де аяқталады
Фото: Андрей Бекренев/ТАСС