Бүгін ? Күлкі күні

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Бүгін - Күлкі күні. Күлкі күнін тойлау Францияда бастау алған деседі.

Ежелгі римдіктер де ақпанның 17-сінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың 31-інде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Бірде таңертең Петербор тұрғындары әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдан оянды. Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің 1-іне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды.Әзіл-қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің ала құйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады.