Бүгін -Күн күні

Фото: None
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Күн күні. Күн энергиясы халықаралық қоғамының Еуропалық бөлімі жаңартылған энергия көзін пайдалану мүмкіндігіне назар аудару үшін еркінділік негізінде, 1994 жылдан бастап жыл сайын Күн күнін ұйымдастырып келеді.

Энтузиастар мен кәсіпқой мамандар, қоғамдық ұйымдар мен бүкіл еуропаның фирмалары бұл күні әр түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырады және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі туралы демонстрация өткізеді.