Бүгін күн тұтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, 29 сәуірде жердің кей аймақтарынан күннің тұтылуын көруге болады, деп хабарлады Росбалт.

Бұл кезде күн отқа оранған сақина іспеттес болмақ. Алайда мұндай көріністі барлық адам тамашалай алмайды.

Әзірбайжан Ұлттық ғылымдар академиясының Шамахинск астрофизикалық обсерваториясы директорының орынбасары Хыдыр Микаилов атап өткендей, бұл сақиналы күннің тұтылуы Австралия, Үнді мұхиты мен Антарктидада байқалады. Аталмыш құбылыстың адам денсаулығына зияны жоқ.