Бұл дата індеттің таралу проблемасына, сондай-ақ оның салдарына назар аударту мақсатын тұтады.
Инфекциялық сырқаттар арасында құтыру адамды бірден өлімге алып келетіндігімен ерекше орынға ие. Егер жұқтырылған адамға алғашқы сағаттарда көмек көрсетілмесе, ол бірден көз жұмады. Құтыруға қарсы күрестің бүкіәлемдік альянсының мәліметтеріне сәйкес, әлемде жыл сайын құтырудан 55 мың адам өледі, орташа алғанда әрбір 10 минутта - бір адамнан.
Бүгінде медицинада жұқтырылған жануар тістеген адамда сырқаттың өршуін тоқтатуға қабілетті қауіпсіз әрі тиімді вакциналар қолданылады. Жануармен болған байланыстан кейінгі бірнеше сағаттың ішінде жасалған иммунизация өлімнің алдын ала алады.