Қырғызстан үкіметінің хабарлауынша, сағат 16.00-да бүкіл республика бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады, осыдан бір жыл бұрын «Ала-Тоо» орталық алаңындағы қырғын кезінде қаза болғандар еске алынады.
Бүгін «Ата-Бейит» мемориалдық кешенінде еске алу митингі, қаза болғандардың аруақтарына құран бағыштау рәсімі, ескерткіш кешені тұрғызылатын орынға тас белгі орнату шарасы өтуде.