Яғни ол 20 маусымнан бастап бакалавр бойынша - 41, магистратура бойынша - 23, ал PhD докторантура бойынша - 4 мамандыққа талапкерлерді қабылдай бастады.
Әрбір талапкер дәл осы күннен бастап университеттің қабылдау комиссиясынан және оқу орнының сайтынан өзіне қажетті барлық мәліметтерді ала алады, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
Қыздар университеті үшін айтулы күн - 70-ші мерейтойлық қабылдау болғандықтан, биылғы шара ерекше салтанатпен ашылды. Оны Қыздар университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Зәуреш Сабырова ашты. Ол құттықтау сөзінде жас талапкерлер мен шараға қатысушы ата-аналарға оқу орны туралы қысқаша ақпарат беріп, барша қауымды «Талапкер-2014» науқанының басталуымен құттықтады.
Шара соңында келушілер мерейтойлық қабылдауға арналған шағын концерті тамашалап, қыздар қалашығымен танысты.
Айта кетейік, Қыздар университеті республикамызда ғана емес, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Еліміздің түкпір-түкпіріне педагог мамандарды даярлайтын оқу орны LAMS (Ұлыбритания), Миссисипи және Честер атты әлемдік университеттермен қосдипломдық бағдарламаны жүзеге асырып отыр. Мәскеу қаласында өткен «Ұлттық экономика көшбасшысы» Құрмет белгісі Халықаралық сыйлығының лауреаты, Амстердам қаласындағы Бизнес және менеджмент жоғары институтының «Тиімді дамушы кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын құйма» халықаралық сыйлығының иегері. Білім ордасына 2013 жылы «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификаты мен «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» медалі, «Жыл маманы» атағы берілді.
Мемлекеттік грантта оқитын студенттер үш мезгіл тегін тамақпен және жатақханамен қамтамасыз етіледі.