Бүгін Қызылордадағы балабақшалардың бірінде өрт болды - ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін, ақпанның 11-і күні түсте Қызылорда қаласындағы балабақшалардың бірінде өрт болды, 48 бала мен 9 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 13 сағат 3 минутта Арай шағын ауданындағы «Жеті қазына» балабақшасында өрт шықты. Ғимараттың жану аумағы 128 шаршы метрді құрады.

«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 48 бала мен 9 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді», - деп анықтады баспасөз қызметі.

Тілсіз жау ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 35 адамы мен 3 техникасының күшімен 1 сағат 22 минутта ауыздықталды.