Бұл күні Еуроодақ аумағында әр жылдары жасалынған лаңкестік әрекеттерден құрбан болған 5 мыңнан астам адамды еске алу рәсімдері өтеді.
Еуропарламент төрағасы Ежи Бужек депутаттар алдында сөйлеген сөзінде атап көрсеткендей, «лаңкестер бейбіт халыққа қарсы соғыс жариялап отыр. Олар өз акцияларын, қарапайым адамдар өздерін қауіпсіздіктеміз деп санайтын жерлерде жасайтын болды. Бұл арам, қорқақ және қарабет адамдардың ісі. Міне, сондықтан да, лаңкестікті ештеңемен ақтауға болмайды».
11 наурызды атаулы күн ретінде Еуропарламент 2004 жылдың 11 наурызында Мадридте болған лаңкестіктің салдарынан қаза болған 200 адамды және 2005 жылы Лондондағы жарылыстар салдарынан қаза болған 50-ден астам адамды еске алу күні ретінде таңдаған болатын.