Бүгін Лондонда жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлыбритания астанасы Лондонда жеңіл атлетикадан XVI әлем чемпионаты жалауын желбіретеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше осыған орай Лондонда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) 51- Конгресі өтті. Онда көптеген өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, шешімін таппаған мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, онда әр құрлықтың ұлттық федерациялары қауымдастығы баяндама жасап, атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп берді.

Естеріңізге сала кетейік, Лондондағы әлем біріншілігіне 205 елден 2034 спортшы қатысады. Олар жеңіл атлетиканың 48 түрінен өз бақтарын сынайды. Негізі бұған дейін әлем чемпионатында 47 сайыс болған еді. Осы жолы IAAF Кеңесі әйелдер арасында 50 шақырымға спорттық жүріс бағдарламасын қосты.

Ал бұл додада Қазақстан намысын «Тұманды Альбионда» 13 спортшы қорғайды. Олар - Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова (екеуі де - үш қарғып секіру), Виктория Зябкина (200 метр және 4х100 метрге эстафеталық жүгіру), Полина Репина, Георгий Шейко, Регина Рыкова, Диана Айдосова (бәрі де - 20 шақырымға спорттық жүріс), Елена Наназиашвили (марафон), Ольга Сафронова, Юлия Рахманова, Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина (бәрі де - 4х100 эстафеталық жүгіру).

Жарыс барысында әлем рекордын орнатқан спортшы 100 000 доллардан алады. Сондай-ақ, әлем рекордшысы арнайы Word Record Award жүлдесімен марапатталады. Жекелей және эстафеталық сайыста үздік сегіздіктен көрінген атлеттерге де қомақты қаржылай сыйақы қарастырылған.

Жекелей сындағы жүлде көлемі:

1-орын - 60 мың доллар

2-орын - 30 мың доллар

3-орын - 20 мың доллар

4-орын - 15 мың доллар

5-орын - 10 мың доллар

6-орын - 6 мың доллар

7-орын - 5 мың доллар

8-орын - 4 мың доллар

Эстафеталық сайыстағы жүлде қоры:

1-орын - 80 мың доллар

2-орын - 40 мың доллар

3-орын - 20 мың доллар

4-орын - 16 мың доллар

5-орын - 12 мың доллар

6-орын - 8 мың доллар

7-орын - 6 мың доллар

8-орын - 4 мың доллар.

Лондондағы әлем чемпионатындағы Қазақстан спортшылары қатысатын сайыс түрлерінің күнтізбесі:

5 тамыз: 11:00 - үш қарғып секіру, әйелдер (іріктеу)

                                Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова

6 тамыз: 14:00 - марафон, әйелдер (финал)

                                 Елена Наназиашвили

7 тамыз: 20:25 - үш қарғып секіру, әйелдер (финал)

8 тамыз: 19:30 - 200 метрге жүгіру, әйелдер (іріктеу)

                                Виктория Зябкина

10 тамыз: 21:05 - 200 метрге жүгіру, әйелдер (1/2 финал)

11 тамыз: 21:50 - 200 метрге жүгіру, әйелдер (финал)

12 тамыз: 10:35 - 4х100 метрге эстафеталық жүгіру, әйелдер (іріктеу)

                                  Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана

                                  Голендова, Ольга Сафронова, Анастасия Тулапина,

                                  Юлия Рахманова

12 тамыз: 21:30 - 4х100 метрге эстафеталық жүгіру, әйелдер (финал)

13 тамыз: 12:20 - 20 шақырымға спорттық жүріс әйелдер (финал)

                                  Полина Репина, Регина Рыкова, Диана Айдосова

13 тамыз: 14:20 - 20 шақырымға спорттық жүріс, ерлер (финал)

                                  Георгий Шейко.