Бүгін - Мьянма Одағының (Бирма) Тәуелсіздік күні

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Мьянма Одағының (Бирма) Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1948).

Бирма - Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үндіқытай түбегінде орналасқан. Астанасы - Янгон қаласы. 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралған. Мемлекет пен үкімет басшысы - Бейбітшілік пен даму мемлекеттік кеңесінің төрағасы. Мемлекеттік тілі - бирма тілі. Ақша бірлігі - кьят.

Қазақстан Республикасы мен Мьянма Одағы Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1999 жылдың 23 қыркүйегінде орнатылған.