Македония - Еуропаның оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 30 ауданға бөлінеді. Астанасы - Скопье қаласы. Ресми тілі - македон тілі. Ақша бірлігі - денар. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы - бір палаталы парламент. Атқарушы органы - Үкімет.
Қазақстан Республикасы мен Македония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы 1 маусымда орнатылды.