Астанасы - Лилонгве қаласы. Ресми тілі - ағылшын және ньянджа тілдері. Ақша бірлігі - квача. Конституциясы бойынша мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс.
11:01, 06 Шілде 2011
Бүгін Малави Республикасының Тәуелсіздік күні
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Малави Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1964). Малави - Оңтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Замбиямен, оңтүстігі мен шығысында Мозамбикпен шектеседі.