Әр жылдары шығарылған көліктер ел назарына ұсынылады, соның ішінде шанағы ағаштан жасалып, темірмен қапталған атақты ЗиС-8 автобусы да бар. Бұл соғысқа дейінгі автобустардан қалған жалғыз дана екен. Сонымен қатар, бүгін 1970 жылдары шыға бастаған алғашқы «Икарус-280» автобусы да жүріп өтеді.
Мерекелік шарада қалалық транспорт мұражай қызметкерлері көліктердің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып береді.
Қоғамдық көлік Мәскеуде ең алғаш рет 1924 жылдың 8 тамызында жүріпті. Ол кездегі автобус маршуртының ұзындығы 8,5 шақырым болған екен. Ал бұл күнде Ресей астанасында 7 мың шақырым болатын межеде 668 қоғамдық көлік қатынап, 4 млн.астам адамды тасиды екен.