Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы өз жұмысын бастайды
11:30, 25 Мамыр 2010
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы өз жұмысын бастайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы маңызды халықаралық басқосуға Еуропарламент делегациясының қатысуы көзделіп отыр.