деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күн тәртібіне сәйкес «Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралады. Бұл жоба бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова баяндама жасайды.
Сол секілді «Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары күн тәртібіне шығарылып отыр.